Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желідегі парақшасында сүйінші сұрады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Ол өзіне жүргізушілікке ұсыныс түскенін айтты.
«Маған «Хабар» телеарнасынан жүргізушілікке ұсыныс түсті. Ойланып, өзіме қызық болғаны үшін келістім. Астанаға келген соң редактор, продюсермен кездесіп, бір келісімге келдік», деді әншінің қарындасы.
Сонымен қатар Дина Төреәлі дайындық барысын жеке парақшасында бөлісті.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
«@khabartv басқа дипломы бар білікті мамандар жұмыс таба алмай жүргенде, бұл қай басынғандарыңыз», «Дипломды бір парақ қағаз деп адамның қанша жылғы еңбегін жоққа шығарып, қалай ұялмай дым білімсіз, қабілетсіз жасайды екен бұл жұмысты», «Журналистер жетпей жатыр екен-ау«, «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін боп тұр ғой», «@khabartv осы істің жілігін шағып майын ішкен жас журналистер жүр жұмыс таппай, сендер отырыңдар әнші, актрисаларды алып енді әншінің қарындасы қалып еді жүргізуші болмаған ұят», деді көпшілік.
Дина Төреәлі өзіне қарата айтылған бұл сынды жауапсыз қалдырмады.
«Менің жасым 23 те!
Аллаға шүкір 3 балам бар.
Оқуды емес отбасы болуды таңдадым сол сәтте!
Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын.
Бірақ сендер ойлаған 1 қағаз диплом ештеңені шешпейді.
Потенциалың жоқ болса 10 дипломың болса да көмектеспейді!
Дипломым жоқ – бизнесім бар
Дипломым жоқ – табысым бар
Көзім ашық – көкірерім ояу шүкір!
Күнделікті даму үстіндемін», — деп жазды ол.
