Әзілкеш Жахан Отарғалиев әйелінің бала көтергенін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы ол жеке парақшасында мәлімдеді.
«Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім. Екі ай бойы үйге асығып жүрдім. Жүрегінің соғысын естіген кезде тіпті бақытты болдым. Біреуге айтқым келеді, көшеде көрген адамнан сүйінші сұрағым келеді. Бірақ ұзаққа созылмады. Сонда да Аллаға шүкір. Үмітімізді үзбейміз. Өнер адамдарының басында мәселе жоқ деп ойлайды, бірақ осылай», деді ол.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазып, әзілкешке тілектестігін білдірді.
