Музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова Алматыдағы Ye концертінің кейінге шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kzақпарат порталы.
Оның айтуынша, концерт бүгінге ауыстырылғанымен, өзі бұл күні қаладан ұшып кетеді. Ал сатып алынған билеттер қайтарылмайды.
Сондай-ақ продюсер VIP-сектордағы жағдайға шағымданды. Оның сөзінше, құны 850 мың теңге болған орындықтар поролонмен қапталған.
«Қай жері VIP? Мен ертең келе алмаймын, шетелге ұшып кетем. Кқңілім толмады ұйымдастырушыларға. Концертті тоқтатқаны аздай, кешірім де сұрамады», – деді продюсер.
