Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қазақстанның болашағы мен 2027–2028 жылдары билікте болатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
«Қазақстан дамиды. Алдағы уақытта еліміз спорттан үлкен жетістіктерге жетеді. Өте күтпеген табыстар келе жатыр. Біз қазір армандауға қорқып отырған жетістіктерге қол жеткіземіз. Ғылым да өте жақсы дамиды. Инженерлік ғылымдар, роботтар мен техника белгілі бір деңгейде дамып келеді. Бірақ бұл салаларда үлкен серпіліс болып, даму қарқыны артады.
2027–2028 жылдары билікте өзгерістер болады. Қазір “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” дейді. Бірақ оның ауылы әлі алыс. Билікте өте ауқымды өзгерістер болады. Партиялар мен депутаттардың ауысуы – белгілі бір схеманың аясындағы өзгерістер. Ал бұл жолғы өзгеріс халықты алға алып шығады деп ойлаймын. Ақ адал ақ сүт емген адам келе жатыр», – деді көріпкел.
