Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz 

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы («Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру») бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

Share.
Exit mobile version