Алматы облысында көлік қағып кеткен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz

Ақсақалдарлдың ажалы ақылсыздықтан асфальтті кесіп өтпек болғанда орын алған. Жол апаты 6 қыркүйекте Алматы – Өскемен тасжолының 18-шақырымында болған.

«Chevrolet Cobalt көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан екі қарт адамды қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Share.
Exit mobile version