Танымал блогер Біржан Әшімнің отбасында қаралы жағдай болды. Оның әкесі, музыкант Сапарғали Әшім өмірден өтті. Қайғылы хабарды блогердің жары Диана Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Диана Әлиева марқұм атасымен бірге түскен отбасылық суреттерін бөлісіп, жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.

«Сапарғали атамыз енді арамызда жоқ… Жанымызға қатты батты. Жүрегім қарс айырылды. Қалай ғана бұлай болды? Сенгім келмейді, сенгім келмейді. Өмірінің соңғы күндерінде де әзілдеп жүрді. Қашанда көңілді, өмірге құштар жан еді. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, ардақты атамыз», – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогердің жары марқұмның адамгершілігі мен жақындарына деген қамқорлығын ерекше атап өтті.

«Аташым ең жақсы адам еді. Адал, абыройлы жан болды. Бәрі оны жақсы көріп, құрметтейтін. Қашанда менің жағымда болып, өзгелердің жаман сөзінен қорғады. Қолдау көрсетіп, туған қызындай қабылдады. Қайда барарымды білмей отырмын, Құдайым-ай…» – деп жазды Диана Әлиева.

Share.
Exit mobile version