Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев әр отбасына 25 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде аза тұту күнін жариялады. Халқымыз қашанда қиын-қыстау кезеңде бір-біріне сүйеу болып, қолдау көрсеткен. Осындай ауыр сәтте біз де әріптестерімізбен бірге қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қол ұшын созуды азаматтық парызымыз деп санаймыз», — деді Андрей Лаврентьев.
