– Мынау не масқара, не көргенсіздік! «Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. «Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» деген, аузына келгенін көкіп отырған мынаны желкелеп сахнадан қуып шығатын бір намысты адам болмағаны ма сол жерде?! Жүз жерден «жұлдыз», мың жерден «дүлдүл» болса да!, – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының көпшілігі айтыскердің сахнаға мас күйінде шыққанын жазып жатыр. Бұған қатысты Айтыс одағының төрағасы Аманжол Әлтаев түсінік берді.
Аманжол Әлтайдың айтуынша, Шайыр ауылындағы айтыс Айтыс одағының ресми жоспарына кірмеген. Оны жергілікті азаматтар мен жеке демеушілер ұйымдастырған.
Соған қарамастан, болған жағдай ескеріліп, Мақсат Ахановты алдағы жарты жылда ресми айтыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылданған.
