Танымал әнші Өктем Алтаев екінші қызы Аружанды ұзатты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Кешке өнер әлемінің белгілі өкілдері жиналды. Қонақтардың қатарында Сәкен Майғазиев, Гүлзира Айдарбекова және Нұртас Айдарбеков болды.

Аружанды Гүлзира Айдарбекованың өзі ұзатып, қыз ұзату рәсіміне атсалысты.

«Гүлзира әпке – папамның жалғыз қыз досы. 20 жылдық достық. Бұрын Қайрат Нұртас аға студент кезінде үйге келетін, мені сабақтан алып кеткен кездері де болды», – деп жазды әншінің ұлы Бағжан Октябрь.

Өнер иесі қарындасын қимай, көзіне жас алды.

Айта кетейік, Аружан Тараз қаласының жігітіне тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт те композитор әрі домбырашы.

Share.
Exit mobile version