Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде он үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен жеті жасар бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде анасы үйде болған. Бала қонақ бөлмедегі терезеден абайсызда құлап кеткен.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;
- терезе алдына кереует, үстел немесе өзге де жиһаздарды қоймау;
- терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнату.
Сонымен қатар полиция масаға қарсы орнатылған торлардың баланы құлап кетуден қорғай алмайтынын ескертеді, олар баланың салмағына есептелмегендіктен, кез келген сәтте сынып немесе босап кетуі мүмкін.
