Музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы билеп жүрген жездесі Тұрсын Алагөзовтің видеосын желіге жүктеп, оған «Ақ жездем» деп сүйсіне жазба қалдырды. Алайда Турсеннің тұрпайы әрекеті жұртқа жақпады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Желі қолданушылары бұл видеоға бейжай қарай алмай: «Байеке, тоқтасаңызшы!», «Майкл Джексон жолда қалды ғой»,«атан түйе ойнақтаса жұт болады» деген сияқты түрлі ащы пікірлерін жазып жатыр.
