Қазақстанда соңғы екі айда жүздеген жемқорлық қылмыс анықталып, 140 адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

ҰҚК мәліметінше, биыл шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталды. Бұл қылмыстың басым бөлігі пара алуға, тонау мен алаяқтыққа, заңсыздық пен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануға қатысты.

«Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

Анықталған залал сомасы (ақталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрд теңгені құрады.

Share.
Exit mobile version