Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты жасанды интеллект көмегімен түрлі видео жариялап жатқан блогерлерге әскери қызметтегі сарбаздың әкесі үндеу жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Ол әлеуметтік желі қолданушыларын әскери қызметшілердің қазасын контентке айналдырмауға шақырды.

«Мұны не үшін жасап жатырсыздар?» – деген әке бұл жағдайдың артында қарапайым адамдардың тағдыры, олардың отбасылары мен жақындары тұрғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғаға байланысты жарияланатын әрбір материалдың артында шынайы отбасылар, ата-аналар мен балалар бар.

Share.
Exit mobile version