Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы оның туған жері Оралда өнер иесіне лайықты құрмет көрсетілмегеніне қынжылатынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Айман Талғатқызының айтуынша, Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы шығармашылық жолына 26 жыл болған. Осы уақыт ішінде әзілкеш көрерменнің ықыласына бөленіп, түрлі марапатқа ие болғанын атап өтті.

Алайда оның сөзінше, өнер иесінің туған қаласы осы жылдар ішінде оған лайықты деңгейде құрмет көрсетпеген.

«Бірақ өзінің туған жері Орал қаласы бір құрмет танытып, «20-25 жыл» деп концерт беріп жатқанда, ат мінгізіп, шапан жаппақ түгілі, бір парақ құттықтау қағазын беруге жарамағаны жанына батады. Қаншама Оралдан шыққан әртістерге, жастарға қол ұшын созып, қала күні дегенде ұшып барады. Көмектесіп, бір бүйірі бұрып тұрады. «Оралым» деп ән жазып, жүрген жерінде айтып жүреді. Бірақ солай», – деді ол.

Сонымен қатар Айман Талғатқызы өнер иесінің шығармашылық жолын отбасылық жағдайымен байланыстырып, салыстыруға болмайтынын айтты.

«Құрметтілер, өнер мен отбасыны салыстырмаңыздар! Өнер жолын 26 жыл үзбей, тынбай еңбек етіп жүрген жандар көп емес. Кейбіреулері «ажырасқасын туған жері ұнатпай қалған шығар» деп жазыпты. Ал құрметтесе, ажыраспай тұрып-ақ көрсетпей ме сол құрметтерін?» – деп жазды Айман Талғатқызы.

Share.
Exit mobile version