Елдегі жұмыстарын аяқтаған соң әнші де отбасының қасына барған.
Қазір өнер иесі балаларымен бірге демалып, ұлы Санжардың туған күнін атап өтіп жүр. Түркиядағы демалысқа Айқынның алғашқы некесінен дүниеге келген балалары да барған. Әлеуметтік желідегі жазбалардан олардың әкесімен бірге уақыт өткізіп жүргенін көруге болады.
Желі қолданушылары әншінің барлық баласын бөліп-жармай, бірге демалысқа алып барғанын ерекше атап өтті. Кейбірі Айқынның бұрынғы сұхбаттарының бірінде әр баласына пәтер алып қойғанын айтқанын еске салды.
Пікірлердің біріне жауап берген әнші жуырда қызы Аруға да үй алып бергенін жеткізді. Осыдан кейін оқырмандардың бірі Айқынға «бес жұлдызды әке» деген баға берді.
Ал кей желі қолданушылары балалардың басын қоспай, барлығына бірдей көңіл бөліп жүрген Жұлдыз Өмірғалидің де отбасындағы ұстанымын жоғары бағалап, оның даналығына сүйсінді.
