Желіде әнші Айгүл Иманбаеваның шәкірттерін сахналық қимыл мен актерлік шеберлікке үйретіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz . 

Кадрларда ол олардың тұрысы мен қимылын түзетіп, кей сәтте қатқылдау тәсіл қолданғаны көрінеді.

Видео пікірталас тудырды.

Бірі «Мықты маманнан сабақ алған шәкірт осал болмайды» десе, енді бірі «Ұрмай-ақ үйретуге болады ғой» деп сын айтты.

«Кеудесінен сонша ұрғаны несі?», «Басқаша өткізуге болмай ма?», «Қиналып тұр ғой балалар», — деп жазды оқырмандар.

Share.
Exit mobile version