Айнұр Тұрсынбаеваның құдағиы Эльмира қызын азық-түлікпен қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .
Ол енесіне ет асып бермеген қызын сынға алған.
«Құдағиымның сторисін көріп, қызымның үйінде ет таусылған шығар деп ойлап қалдым. Құдағиым вафли мен кофеге риза болып отыр, ал менің ойымда — бешбармақ! Сөйтіп, бүкіл отбасымды іске қостым. Ет те, фарш та, тауық еті де, балық та мұздатқыштағы барымызды жинадық. Тіпті Көкшетаудағы аташка да жылқының етін жіберді. Түн ішінде Indriver-мен Алматыға жібердік», деп жазды ол.
Бұны көрген айтыскер Тұрсынбаева: Менің етімді бөлек жіберіңіз, құдағи, деп әзілдеді.
