Ердос Қанаев суыт хабар айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .  

Ол Сарыағашта тұратын Бағлан бауырының қайтыс болғанын жазды.

«Сарыағашта тұратын Бағлан бауырым (Алла рақым етсін) Раббысына қайтты.
Осы кішкентей балапаны өмірге келгенде: «Ереке, өзіңіз азан айтып, атын қойып бересіз ғой» деген еді.
Қысқа ғұмыр-ай… Бәкемнің аманатын орындадым», деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге жаппай көңіл айтты.

Share.
Exit mobile version