Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов концерт барысында жеке өміріне қатысты әңгіме қозғап, ажырасқаны үшін өзіне айтылған сынға әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Өнер иесі көпшіліктің өзіне қатысты айтқан пікірлерін астарлап жеткізіп, тіпті әйеліне қайтадан той көйлегін кигізіп, той жасағысы келетінін қалжыңдады.
«Дариға, оған сол керек дедіңіздер. Баян күйеуге шыққанда қалай күшті етіп жаздыңыздар. Мен де қазір әйеліме той көйлек кигізіп қойып, той жасайыншы. Бітті ғой: «оңбаған, осының концертіне кім барып жатыр, бойкот, ешкім бармасын, Қазақстаннан шығарып жіберу керек», деп айтады. Жандарым, тығылып келіп отырған сіздерге рақмет», – деді ол.
Әзілкештің бұл сөзі концерт залындағы көрермендердің күлкісін тудырды. Дегенмен оның жеке өміріне қатысты айтқан қалжыңы әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
