Той үстінде асабаның қонақ қыздың сөзін бірнеше рет бөліп жіберуі жанжалға ұласты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші қызға сөз бермей, бірнеше рет әңгімесін тоқтатқан. Бұған ашуланған жігіттер асабамен сөзге келіп, жағдай кейін ушыққан. Артынша олар жүргізушіні сыртқа алып шыққан.

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары асабаның әрекетін әдепсіздік деп бағалап, тойда әр қонаққа құрметпен қарау керегін жазып жатыр.

Көпшілік «Қонаққа сөз бермеу – дұрыс емес» деп пікір білдірген.

Share.
Exit mobile version