Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Сот мәліметінше, 30 қыркүйекте Жанабылов үйінде жанжал шығарған. Ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.
Ерлі-зайыптылар татуласу туралы жазбаша келісім ұсынғаннан кейін сот істі тоқтатты.
