Алматы облысының Шамалған ауылындағы шарап және арақ өнімдерін шығаратын зауыт мемлекетке өтеусіз беріліп, сатылымға шығарылды. Бұған дейін кәсіпорын Болат Назарбаев құрған «BN ALKO» компаниясының мекенжайы болған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы зауытты 8 желтоқсанда аукцион арқылы сатуды жоспарлап отыр. Бастапқы бағасы – 739,9 млн теңге. ҚҚС-ты қосқанда, сатып алушы кемінде 858 млн теңге төлеуі керек.

Сатылымға 2,36 гектар жер және жалпы аумағы 7,2 мың шаршы метр болатын 15 ғимарат қойылған. Оның ішінде өндірістік цех, қойма, әкімшілік ғимарат және басқа нысандар бар.

Зауыт мемлекетке 2026 жылғы 26 тамыздағы келісімшарт негізінде өтеусіз берілген. Меншік құқығы 11 қыркүйекте тіркелген.

Share.
Exit mobile version