«Әділет» партиясы фракциясының депутаты Нұрбақыт Теңізбаев Алматы және Жетісу облыстарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Ол өңірлердегі газдандыру жобаларын құжаттамалары ескірмей тұрып кезең-кезеңімен іске асыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Сонымен қатар депутат «Шелек–Кеген–Нарынқол» магистральдық газ құбырын стратегиялық жобалар қатарына енгізуді және Қонаев қаласындағы «Жаңа Іле» АГТС жобасын өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарына қосуды ұсынды.

Share.
Exit mobile version