«Threads әлеуметтік желісіндегі @bayanmaxatkyzy аккаунтында жарияланған жазбаларға тексеру жүргізіп, құқықтық баға беруді сұраймын. Автор дін мен діндарлар туралы көпшілік алдында кемсітетін және қорлайтын сөздер қолданады деп есептеймін», – делінген шағымда.
Өтініште Баян Алагөзованың діни насихаттан шаршағанын айтып, жұмақ пен тозақтың бар екеніне сенбейтінін жазғаны көрсетілген. Сондай-ақ продюсердің жұмақта ер адамдарды «72 хор қызы күтеді» деген түсінікке мысқылмен қарағаны айтылған.
Шағым иесі продюсердің жария мәлімдемелерінде дінаралық араздықты қоздыру белгілерінің бар-жоғын анықтауды сұрап отыр.
Қазіргі уақытта электронды өтініш тіркеу сатысында тұр. Әзірге тексерудің басталғаны немесе іс қозғалғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
