Қарағандыдағы саяжай қоғамдарының бірінде екі адам қаза тапты,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде бұл «Оптимист» саяжай қоғамының аумағында болғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқандардың бірі – саяжай қоғамының 43 жастағы төрағасы, екіншісі – 55 жастағы қоғам белсендісі.

Полицияның мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған. Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Share.
Exit mobile version