Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, алдағы сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ жекелеген аудандарда жауын-шашын, суық болатыны да болжанады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Болжамға сәйкес, мына өңірлерде күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтіледі, ауа температурасы: -1…-8°С:

  • Жетісу облысында,
  • Жамбыл облысында,
  • Алматы облысында,
  • Түркістан ооблысының батысында,
  • Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең ауқымды антициклон ықпалында болып, оған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктеріндегі аудандарында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Share.
Exit mobile version