Танымал әнші Маржан Арапбаева әлеуметтік желідегі парақшасында 2025 жылғы байқауға дайындық кезіндегі сәтінен естелік видео жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Алайда өнер иесінің бұл жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсіп, сын-пікірлер қарша боратылды.
Желі қолданушылары әншінің киім үлгісіне, сахнадағы образы мен орындауына қатысты өз пікірлерін білдірді.
«Есті әйел ашық киінбейді», «Жасы келген сайын шешініп жатыр», «Ішіп алған ба?», «Ештеңе ұқпадым, қырылдап не айтып жатыр», «Бір күні жалаңаш шығатын шығар», «Шамалы жабықтау киінсейші», «Емшегін салбыратпай шешіне салмады ма?», «Ұят», «Кішкентай қыздардың киген қазақ киімін бұзып тұр» деген пікірлер қалдырды.
