Белгілі актер әрі әуесқой жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісі Әділге Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сыйлады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Актер бұған дейін сатылымға шығарған көлігін сатудан бас тартып, оны інісіне тарту етуді шешкен. Оның айтуынша, Әділ әрдайым қолдау көрсетіп, барлық бастамаларына бірге атсалысып жүрген.

Еркебұлан Тоқтар көлікті інісіне сыйлауды Құдайдан тілегенін айтты. Ол Геленвагенді сатуды жоспарлап жүрген кезде Әділмен бірге көлікке отырып, оның інісіне жарасып тұрғанын байқаған.

«Көлікті сатамын деп ойлаған кезде, екеуміз екі Геленге отырып, айдап бара жатқанда, көліктің саған қалай жарасып тұрғанын көрдім. Құдайдан “егер маған қазір керек ақшамды басқа жолмен табуға мүмкіндік берсең, ініме осы көлікті сыйлаймын” деп сұрадым. Ертесіне бірнеше жобамен келісімге келіп, ақша өзі-ақ келді», – деді актер.

Бұған дейін Еркебұлан Тоқтар өзіне жаңа Gelandewagen сатып алған еді. Ал бұрынғы көлігін қарыздарын өтеу және жаңа спорт залына қаражат жинау мақсатында сатылымға қойған болатын.

Share.
Exit mobile version