Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында алтын медаль иеленген қазақстандық велошабандоздарды құттықтады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Азиада-2026 жарыстарының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы тасжолдағы велоспорттан екі алтын медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Рината Сұлтанова топ жарса, ерлер арасындағы жарыста Алексей Луценко алтын жүлдеге ие болды. Осылайша Луценко Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын беске жеткізді.

Геннадий Головкин спортшыларды жеңісімен құттықтап, ұлттық құраманың жетістігін атап өтті.

Ал қазақстандық велошабандоздарды Азиада аясында әлі екі маңызды жарыс күтіп тұр. Олар – әйелдер және ерлер арасындағы топтық сайыстар.

Share.
Exit mobile version