Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова соңғы уақытта басынан өтіп жатқан жағдайды айтып, оқырмандарын алаңдатты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Продюсердің айтуынша, қатты қайғырғаннан кейін ұмытшақтық пайда болған. Тіпті кейде үйіндегі адамдардың есімдерін де есіне түсіре алмай қалатын көрінеді.

«Қатты қайғырған кезде адам ұмытшақ болып қалады екен. Сондай ұмытшақтық пайда болды. Үйдегілердің атын ұмыта бастадым. Бір дәрумен ішіп жүрмін. Әйтпесе кәдімгідей есімді жоғалтып кеттім», – деді ол.

Бұл жазбаға оқырмандар алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.

«Жас келе болады екен», «Уайым оңай емес», «Кітап көп оқу керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Share.
Exit mobile version