Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ауыр кезеңде Ресей басшысы мен халқының білдірген қолдауы мен шынайы тілектестігін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тоқаев қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, бұл қиын сәтте көрсетілген қолдаудың маңызды екенін жеткізді.

Share.
Exit mobile version