Әнші Бидаш Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қадыр Мырза Әлінің «Әйелдің кеудесіне қонақтама, зердесіне қонақта!» деген сөзін жариялап, желіде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Өнер иесінің жазбасына әріптестері әзіл араластырып пікір қалдырған. Олардың қатарында әнші Төреғали Төреәлі де бар.
«Кеудедегі қос анар лифчиктен босанар, алса бізді түбінде ажал емес, осы алар», – деп жазды ол.
Төреғалидың бұл жауабы да желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. Оқырмандардың бірі әншіге әзілмен жауап беріп:
«Төреғали, саған айтамын, Жахан сен тыңда», – деп пікір қалдырды.
