Қаза тапқандардың денелері қатты күйіп кеткен. Осыған байланысты олардың жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізіледі.
Татарстан прокуратурасының мәліметінше, жол апаты 24 шілдеге қараған түні Зеленодольск қаласындағы Волжская көшесінде болған. Жүргізуші мен бес жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің 264-бабының 5-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін құқық қорғау органдары көлікті жүргізуші куәлігі жоқ 30 жастағы жігіт жүргізгенін хабарлады. Қазір жергілікті тұрғындар апат орнына гүл шоқтарын әкеліп, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып жатыр.
