Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы әкімдік қызметкері сірке суын ішіп, көз жұмды. Әйел 3 қараша күні ауруханаға түскен. Дәрігерлер бар күшін салса да арада екі апта өткенде 62 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмаған, деп жазады Muztaumedia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс өндірісте жатыр.
«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты осы кезеңде қосымша ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге белгілісі 62 жастағы әйел әкімдікте жұмыс істеген. Оқиға орнынан полиция сірке суының бөтелкесін тапқан.
