Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Нұрмұхановты Конституциялық сот төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы ресми ақпарат бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды».
