Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен жасақталған комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор мен Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болуына себеп болған жағдайларды жан-жақты тергеп-тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.

Share.
Exit mobile version