Әнші Роза Әлқожа босанған әйелге көрсетілетін күтім туралы сөз қозғап, өз басынан өткен жағдайды бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Өнер иесі бес баланы дүниеге әкелгенімен, олардың ешқайсысынан кейін арнайы күтім көрмегенін айтты. Оның сөзінше, енесі бала туған кезде оны күте алмайтынын алдын ала ескерткен.
«Енем мен бала туған кезде сені күте алмаймын, ондайды білмеймін, мені күтпеген деді. Жақсы дедім, бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын, шауып жұмыс істеп кете бердім. Ал мен келініме олай істемеймін, келінімді жатқызып қойып күттім. Өзі үй жинап, ыдыс жуып, тамақ істедім. Өйткені ол менің ұрпағымның анасы. Қайдан білсең, оннан біл, қазір ақпарат көп қой. Күтуді үйренуге болады. Мал төлдеген кезде де қарайсың ғой, қозы туылғанда жаның ашиды. Оның қасында адам туылып жатыр ғой. Сондықтан мен өзгерісті өзімнен бастадым», – деді Роза Әлқожа.
