Фото: Видеодан скрин
Белгілі журналист Дана Нұржігіттің ұлы Әлім өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Ол анасының сталкинг тақырыбында жазған «Көлеңке. 115-1» кітабының тұсаукесерінде ел алдына шығып сөз сөйледі.
«Мамам көрген, мен көрген қиындықтарды жауыма да тілемеймін. Бұл кітап тек білім туралы емес, бұл өмірге керек нұсқаулық. Сталкинг – әлеуметтік мәселе», – дейді Дана Нұржігіттің ұлы.
Оның бұл сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Құдай бере салған. Өзі кішкентай бала болса да санасы үлкен. Бақытты болыңыздар, Дана ханым», «Жаным, жарайсың, анасының қолғанаты», «Дана ханым, ұлыңыз үлкен ер-азамат деген атқа лайықты саналы да білімді, иманды болып өссін», – деп жазды желі қолданушылары.
