Астанадағы Mardan тұрғын үй кешенінің құрылысына және үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс материалдары сотқа жолданды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Прокуратура мәліметінше, күдіктілердің әрекетінен 274 отбасы зардап шеккен. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 4,1 млрд теңгені құраған.

Тергеу барысында азаматтардан қажетті рұқсат құжаттарынсыз ақша жиналғаны анықталды. Сонымен қатар қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны және құрылыс кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгені белгілі болды.

«Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен 1 млрд теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды», – деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Қылмыстық іс бойынша төрт күдікті қамауға алынған. Енді істі сот қарайды.

Share.
Exit mobile version