Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   
 
Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. 

Share.
Exit mobile version