Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.

Share.
Exit mobile version