Арадагер журналист Жарылқап Қалыбай өзінің facebook парақшасына өткір сауал тастады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz порталы.
Ол бір кездері Нұрсұлтан Назарбаевты мақтап, поэма арнаған Маралтай ақын жайлы айтты. Халықты туыс, құда-жекжаттарымен қосыла отыз жыл тонаған экс-президентті асыра мақтап, оны Нұрға теңеген өлең жолдарынан үзінді де келтірді.
Ел тонаған экс-президентті мадақтаған Маралтай мемлекеттік сыйлыққа лайық па? деп жазды журналист.
…Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,
Асығы алшысынан түскен ұлдың.
Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,
Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.
Адал боп ақыреттік жан-жарына,
Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.
Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,
Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның…
Бүгінде шығармалары ҚР-дің мемлекеттік сыйлығына ұсынылып жатқан Маралтай Райымбекұлының Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған “КИЕ” поэмасының толық нұсқасын “Абай кз” сайтынан оқи аласыздар
