Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының күрес жаттықтырушысы Саржан Жақсыбеков мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды. 75 жастағы ардагер бапкер бұл жаңалықты естіген сәттегі ерекше толқынысын бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

«Немеремді құшақтап, маған „Құрмет“ орденін береді деп жылап жібердім», – дейді ардагер бапкер.

Саржан Жақсыбеков ғұмырының басым бөлігін спортқа арнаған. Ол жылдар бойы жас балуандарды жаттықтырып, талай шәкіртінің үлкен спортқа қадам басуына жол ашты. Бапкердің айтуынша, өзі үш Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды дайындауға үлес қосқан.

Ардагердің көп жылғы еңбегі мен спортты дамытуға қосқан үлесі мемлекеттік деңгейде бағаланды. «Құрмет» ордені оның жеке жетістігін ғана емес, шәкірттерінің жеңістері мен отандық спорттың өркендеуіне сіңірген еңбегін де айқындайды.

Саржан Жақсыбековтің өмір жолы – спортқа адалдықтың, жас ұрпаққа бағыт берудің және бапкерлік еңбектің үлгісі.

Share.
Exit mobile version