Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өгей әкесі Тұрсынғали Алагөзовке туған күніне ерекше сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Айсәуле әлеуметтік желідегі парақшасында сыйлығын көрсетіп, Тұрсынғали Алагөзовті туған күнімен құттықтады.

«Бәрі бар адамға не сыйлауға болады? Туған күніңмен!» – деп жазды ол.

Жарияланған видеодан ақ түсті, қызыл былғары салоны бар көлікті көруге болады. Сыртқы түріне қарағанда, бұл 1980 жылдары шығарылған америкалық Cadillac Brougham көлігіне ұқсайды.

АҚШ-та мұндай көліктердің бағасы шамамен 10 мың доллардан басталады. Ал Қазақстанға жеткізу және кедендік рәсімдеу шығындарын есептегенде, көліктің жалпы құны бұдан да қымбат болуы мүмкін.

Share.
Exit mobile version