Фото: ашық дереккөз

Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да жабық болады. Оқушылар білімді онлайн түрде оқиды, деп жазады Muztaumedia.kz.

Ал аталған оқу орнының баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Қажетті санитариялық-профилактикалық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған ескертулерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданады.

— Аталған жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы заңнамада белгіленген мерзімде шығарылады. Қазіргі уақытта оқушылар күзгі демалыста. Екінші тоқсанда сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматында жалғасады. Дәстүрлі оқу форматына көшу мәселесі барлық қажетті санитариялық-профилактикалық жұмыстар толық аяқталып, санитариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілгеннен кейін қарастырылады. Осы мәселеге қатысты ақпарат алу кезінде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз, — деп мәлімдеді «РФММ» КеАҚ баспасөз қызметі. 

 

Share.
Exit mobile version