Әлеуметтік желіде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тойда ән айтып, демалып отырған видеосы тарады. Видеоны жариялаған автор «әкімдер осылай демалады» деген сипаттама қалдырған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірқатары әкімдердің де адам екенін айтып, қызметтен тыс уақытта демалуға құқығы бар екенін жазды.
«Мұндай видеоны не үшін жариялайды?», «Олар да адам, демалуға құқылы», «Әкімнің тойда ән айтқаны несі?» деген пікірлер айтылды.
Ал кейбір қолданушылар әкімнің демалысын емес, облыстағы мәселелерді сөз ету керек екенін жазды. Атап айтқанда, Абай облысындағы жолдардың жағдайын сынағандар болды.
«Әкімнің тойда ән айтқанын емес, шұрық-тесік жолдарды көрсетіңіздер», «Жолдарды жөндеп берсін» деген сарындағы пікірлер де көп жазылды.
