Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 20 қазан мен 14 қараша аралығында Қостанай облысындағы су айдындарында балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиғалар күзгі балық аулау кезінде болған, деп хабарлайды «Алау» басылымына сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлар үш ауданда тіркелген.

  • 20 қазан күні Әулиекөл ауданы Диевка ауылының маңындағы Мырзакөл көлінде Тобыл қаласының 60 жастағы тұрғыны суға батып кеткен.
  • 7 қарашада Ұзынкөл ауданы Әміреш ауылына жақын Бабье көлінің қамысты алқабынан 61 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол жағадан 500 метр қашықтықта жатқан. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысқан.
  • 14 қарашада Бейімбет Майлин атындағы ауданның Евгеновка ауылы маңындағы Матай көлінен Қостанай ауданы Константиновка ауылының 53 жастағы тұрғынының денесі табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, былтыр осы кезеңде өңірдің су айдындарында адам өлімі тіркелмеген.

Share.
Exit mobile version