Қостанайлық суретші әрі ұстаз Алмұрат Ахметов Ақтауда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің рухына арналған ескерткіш жобасын ұсынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Автордың айтуынша, ескерткіш арқылы қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен есімін ел жадында мәңгі қалдыру көзделген. Жоба әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, қолдау тапты.
Пікірлер арасында 2015 жылы қаза тапқан төрт сарбаздың да есімін ескерткішке енгізу туралы ұсыныс айтылды.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Суға кеткен 17 әскеридің 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
