Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғау органдары іздеп жатқан азамат – 26 жастағы Махмуд Хикматов. Оған іздеу жарияланғанына үш айдан астам уақыт болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған онлайн-казино платформасына ойыншылар тартумен айналысқан болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған ойын платформасы әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың қатысуымен жарнамаланғаны айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Хикматов блогерлермен байланыс орнатып, оларды онлайн-казиноны жарнамалауға тартуға ықпал еткен болуы мүмкін.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Блогердің Қазақстаннан тыс жерде жүргені белгілі.

Share.
Exit mobile version